Биыл Балқаш қалалық мешіті қос қуанышты мерекені атап өтеді. Бірі ұлық мерекеміз Құрбан айт болса, бірі мешіттің 20 жылдық мерей тойы бірге атап өтілетін болады. Осы мақсатпен мешітте қызу дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ең алдымен қала жұртшылығын Құрбан айт мерекесімен құттықтау сөздері жазылған плакаттар көше бойына, банерлерге, автобустарға ілінді. Сондай-ақ мешіттің мерейлі мерекесінің іс-шарасына шақыртулар мен мешітке көмектесіп жүрген мейірімді жандарға арналған алғыс хаттары дайындалды.
Пікірлер