Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің Құрбан айтқа арналған үндеуі, тапсырмасы жүйелі түрде жүргізіліп жатыр.
Қарағанды облыстық орталық мешіті қасиетті Құрбан айтқа қызу дайындығымен бірге орындалған жұмыстарды пысықтау үстінде. Қазан айының 3-і күні өтетін ауқымы кең іс-шаралар мен 4-і мен 6-сы күндері аралығында атқарылатын құрбандық шалу рәсіміне орындар дайын тұр. Сонымен бірге Қарағанды облыстық орталық мешіттің атынан қала тұрғындары мен қала қонақтарына арналған құттықтау сөздері қаладағы билбордтарға, банерлерге ілінді. Бұдан бөлек қала тұрғындарын жиі тасымалдайтын автобустарға облыстық мешіттің атынан «Құрбан айт құтты болсын!» және Кәусар сүресінің 2-ші аятында «Раббың үшін намаз оқы және құрбан шал!» деп жазылған плакаттар ілінді.
[gallery link="file" columns="4" ids="9859,9860,9861,9862"]
Пікірлер