Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Ө.Қ. Бекқожаның тапсырмасымен «Бала қажы» мешіті Құрбан айт мерекесін атап өту жөнінде жан-жақты дайындық жұмыстары жүргізілді. Атап айтар болсақ, Октябрь ауданы бойынша бес жерге құттықтау билбордтары ілініп, мешіт алдында халықты қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтап, Құрбан айт намазына шақыру жарнамалары ілінді. Сондай-ақ, Құрбан айт күні Қарағанды- Майқұдық жолаушыларын тасымалдаушы №66 шағын автобусы қала қонақтары мен қала тұрғындарына тегін қызмет көрсететін болады.
Пікірлер