Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Ауыл имамдарына тапсырма берілді
02 қазан, 2014 жыл 87 Басып шығару нұсқасы

buh2102014001Қарағанды өңірі бойынша өкіл имам Өмірзақ қажы Қазкенұлының тапсырмасымен асыл дініміздің аясын кеңейту мақсатында Бұқар жырау ауданының бас имамы Аманбол қажы Рымқұлұлы ауданға қарасты ауыл молдаларын жинап алқалы жиын өткізді. Ең бірінші ауданға қарасты ауылдардағы мешіттердің ішкі тыныс-тіршіліктері, жағдайлары сұралды. Ары қарай, келе жатқан қасиетті Құрбан айттың өткізілуі жайында, дайындықтар турасында сөз болды. Сонымен қатар барлық молдаларға ҚМДБ-нан келген барлық үндеулер мен тапсырмаларға тиянақты болу керектігі баса айтылды. Жақсы жұмыс көрсеткіштерімен көзге түскен молдаларға алғыс хаттар тапсырылды. Жиын соңында ауыл молдаларына мешіттердің қыс мезгіліне дайын болуы, имани басылымдарымыздың жазылу науқанына қатысу керектігі, имамдардың білімін жетілдіру және шәкірт тәрбилеу жұмыстарын барынша пысықтау қажеттілігі сынды тапсырмалар жүктелді.





Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары