Шахтинск қаласындағы «Нұр» мешітінің жанашырлары мешіттің бас имамы Хумар Қоныскереймен бірге қаладағы зағип жандарға арналған ұйымға барып қайтты. Ұйымның басшысы О.Игай қос жанарынан айырылған жандар мен көзі нашар көретіндердің жағдайымен, ішкі тыныс-тіршілігімен таныстырды. Мешіттің демеушілері мүмкіншілігі шектеулі жандарға Алла Тағаладан сабыр мен дендеріне күш-қуат тілеп, қаржылай көмек көрсетті.
Пікірлер