ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имам Өмірзақ қажы Қазкенұлының бекітуімен имамдар әр жұма сайын қала, аудандарды аралап елді имандылыққа, жақсылыққа баулыйтын ғибратты уағыз-насихаттар жүргізіп келеді.
Өкіл имамның бекітуімен, Қарағанды облыстық орталық мешіттің наиб имамы Бекболат Қосмағамбетов Шет ауданына қарасты «Көктің көлі» станциясындағы мешітке, Қарағанды облыстық мешітінің наиб имамы Ескендір Қамбаров Шет ауданы «Жанқұтты би» мешітіне, Теміртау қалалық мешітінің бас имамы Қанат Анасұлы Шет ауданы Үңірек ауылының мешітіне, Теміртау орталық мешітінің наиб имамы Мирзаев Алимбек Қарқаралы ауданы Көктал ауылының мешітіне, Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің бас имамы Хумар Қоныскерей Нұраталды ауылының мешітіне Бұқар жырау ауданы «Жыржыс қажы» мешітінің бас имамы Аманбол Рымқұлұлы Ақадыр кентіндегі мешітке барып қайтты. Имамдар қасиетті жұма күні жамағатпен жүздесіп, тағылымы мол уағыздар жүргізді.
Пікірлер