ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имам Өмірзақ қажы Қазкенұлының тапсырмасымен Қарағанды облыстық орталық мешіттің наиб имамы Серік Құрманов Жезқазған, Қ.И.Сатбаев қалаларына арнайы барып қайтты. Бүгінде асыл дініміздің құндылықтарын тереңінен түсіндіріп, жастарды имандылыққа, жақсылыққа жетелейтін уағыз-насихаттар жұмысы жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Осы мақсатпен С.Құрманов қыркүйек айының 23-і мен 24-і күндері Спорт мекемелерінің қызметкерлеріне, Политехникалық колледжіне, №26, №22, №4 білім ордаларына, Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебіне барып, тағылымы мол уағыз-насихаттар жүргізді. Әр мекеменің жастары имани, ғибратты әңгімелерді зор ынтамен тыңдап, өздерінің орамды ойларымен бөлісті.
Пікірлер