ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имам Өмірзақ қажы Қазкенұлының тапсырмасына сай Бұқар жырау ауданындағы «Жыржыс қажы» мешітінің бас имамы Аманбол қажы Рымқұлұлы арнайы балабақшаға барып қайырымдылық шарасын өткізіп қайтты. Ең алдымен «Ең жақсысы, ең таңдаулысы балаларға» - деп кішкентай бүлдіршіндеріне сый-сияпат жасалды. Сонымен қатар, мекеме ішіне төсейтін 5 кілем және азық-түліктер таратылды. Мекеме басшысы мешіттің бас имамына, мешіт ұжымына шексіз алғыстарын білдірді.
Пікірлер