ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының тапсырмасымен Бұқар Жырау ауданы «Жыржыс қажы» мешітінің бас имамы Аманбол қажы Рымқұлұлы Шет ауданы, Жарық кентіне арнайы барып қайтты. Ақпаратттық насихат топтың жұмысымен біріншіден мешітте уағыз-насихаттар жүргізді. Екінші кезекте Жарық қазақ орта мектебінде оқушылармен жүздесті. Кездесуде әрқашан үлкендерге құрмет көрсетіп, кішілерге ізетті болу керектігі жайлы, білімге құштар болып, ұстазды құрметтеуге шақыратын тәрбиелік мәні терең уағыздар жүргізді.
Пікірлер