Қарағанды өңірінің өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының тапсырмасымен имамдар жастарды имандылыққа баулыйтын тәрбиелік мәні терең уағыз-настхаттар жүргізіп келеді. Таяуда Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің бас имамы Хумар Қоныскерей Шет ауданына қарасты Нұраталды ауылының мектебінде жоғарғы сыныптың оқушыларымен кездесу жиынын өткізді. Кездесу барысында өскелең ұрпаққа ата-ананы құрметтеу, ілім үйрену сынды әсерлі уағыздар айтылды.
Пікірлер