ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының тапсырмасымен имамдар кейінгі буын жастарға тағылымы мол, сан түрлі тақырыптарда уағыз-насихаттар жүргізіп келеді.
Бейбітшілік пен береке-бірлікті ту еткен асыл дініміздің экстремизм, терроризм сынды теріс іс-әректтеріне еш қатысы жоқ екенін түсіндіру мақсатында Сұрыптау елді мекені Темір жол колледжінде кездесу өтті. Шараға «Бала қажы» мешітінің бас имамы Махмұд қажы Нұрұлы қатысты.
Қазіргі таңда жастар арасындағы мәселелер әңгіме өзегіне айналды. Иә, мұндай кездесулердің берер пайдасы мол. Себебі, дін - мемлекеттің негізін құраушы ең маңызды фактордың бірі болғандықтан, ішкі тұрақтылықтың да кепілі. Осы ретте, жастардың діни бағыты кімді де болсын толғандыруда. Сондай-ақ, имандылықтың қоғамға берер пайдасы, мұсылман ретінде өмірдің мәнісі жайында сөз қозғалды, уағыздар айтылды.
Кездесу барысында оқытушылар мен студенттер толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды. Жиналғандар белсенді түрде өздерінің орамды ойларын ортаға салды.
Пікірлер