Теміртау қаласындағы Қарағанды индустриялық университетінде «Ислам - лаңкестікке қарсы» тақырыпта кездесу өтті. Арнайы кездесу отырысына Теміртау қалалық мешітінің наиб имамы Митератбек Орынбекұлы, Ішкі саясат басқармасының маманы, университет оқытушылары қатысты. Наиб имам М.Орынбекұлы аталмыш тақырып бойынша кеңінен түсіндіріп өтті. Және Ислам - береке-бірлікті, ынтымақты ту еткен дін екенін айта келе Исламның баға жетпес құндылықтарынан сөз қозғады. Сонымен қатар әсерлі уағыздар айтып, жастардың түрлі сауалдарына жауап берді.
Пікірлер