ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имам Өмірзақ қажы Қазкенұлының тапсырмасымен имамдар жоғарғы оқу орындарында, білім беру мекемелерінде тәрбиелік мәні терең, жастарымызға өнеге болатын уағыз-насихатттарды үзбей жүргізіп келеді. Сонымен қатар экстремизм мен терроризмнің теріс іс-әрекеттері кез-келгенді толғандыратын үлкен мәселе. Осы жайтқа да арнайы тоқталуда. Бүгін Қарағанды облыстық орталық мешіттің наиб имамы Бекболат Зүлжалладинұлы №15 кәсіптік техникалық колледжіне барып қайтты. Кездесуде «Ислам діні – экстремизм, терроризмге түбегейлі қарсы» атты тақырыбын тарқата айтып, әсерлі уағыздар жүргізді. Имамға жастар сауалдар қойып, өздерінің орамды ойларымен бөлісті.
Пікірлер