Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Құрбан айт қарсаңында имамдар бас қосты
24 қыркүйек, 2014 жыл 78 Басып шығару нұсқасы

Бүгін Қарағанды облыстық орталық мешітінде өңірге қарасты қала, аудан мешіттерінің бас имамдарымен жиын өтті. Алқалы жиынға ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы, Қарағанды облысы Дін істері агенттігі басқармасының басшысы Нұркенов Қайрат, «Зекет» қорының өкілі Бабағалиев Базарбай және қала, аудандардан келген бас имамдар қатысты. Жиынды ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы дінбасымыз Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің тапсырған Дін мен Дәстүр сабақтастығының аясында өткізгелі тұрған Құрбан айт мерекесінде атқарылатын іс-шаралармен таныстырып өтті. Барлық мешіт имамдарына өткізгелі жатқан ұлық мерекеміз Құрбан айтты ауқымды түрде атап өту керектігін баса айтты.
Жиынның өткізілу барысында имамдардың жұмыс жүргізу барысын талқылап, АНТ жұмыстарының ауқымын кеңейтіп, жүйелі жұмысты одан әрі дамытуды тапсырды. Өкіл имам бірқатар мәселелерді айта келе: «Имамдар өз қарамағындағы ауыл мешіттеріндегі ахуалдарды жиі қадағалап отырса жұмыстың нәтижесі артады. Ауыл имамдарымен жұмыс істеңіздер», - деп қысқа қайырды. Сонымен қатар, Қарағандыда салынған медреселер жайы мен имамдардың, ұстаздардың шәкірт тәрбиелеу жұмыстарының мәселесі сөз болды.
Өкіл имам екінші кезекте еліміздің төл басылымдары «Ислам және Өркениет» газеті мен «Иман» журналының жазылу науқанына жыл бойына жазылуға, жамағатпен бірге имани басылымдарды оқып жүруге шақырды.
Ары қарай өкіл имам: «Мешітке келуші жамағатқа Алланың үйі әрқашан қолайлы болғаны дұрыс. Бұл тұрғыда барлық мешіттер қыс мезгіліне сақадай сай тұруы керек.», - деді. Имамдардан мешіттердің ахуалы, жылу жүйелерінің жағдайы, кімде қандай мәселе бары сұралды.
Жиын барысында «Зекет» қорының өкілі Бабағалиев Базарбай зекетке бекітілген нисаб мөлшері жазылған арнайы кестелерді таратты.
Алқалы жиынның соңында имамдар жаңа тапсырмалар алып, нәтижелі жұмыстарды атқарамыз десті. Мейірімі мол Алла Тағаладан алдағы Құрбан айт мерекесін абыроймен өткізіп, ісімізде береке-бірлік болсын деген ниетпен құран оқылды.


[gallery link="file" ids="9687,9688,9689,9690,9691,9694"]
Қарағанды облыстық орталық мешіттің баспасөз қызметі


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары