Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының тапсырмасымен Теміртау қалалық мешітінің бас имамы Қанат Анасұлы өрт сөндіру мекемесіне барып «Ислам діні терроризмге қарсы» тақырыпта кездесу жиынына қатысты. Бас имам Қанат Анасұлы кездесуде: «Ислам дінінде экстремизм, терроризм арқылы болып жатқан теріс әрекеттерге түбегейлі қарсы. Бұл ислам әлеміне сәйкес келмейді, өйткені Ислам дегеннің өзі бейбітшілік, тыныштық мағыналарымен астасып жатыр. Исламның басты мақсаты адамдар арасында ынтымақ, береке- бірлік орнату екендігін баса айтамын», -деді.
Пікірлер