1. Қанағат иесі бол. Халіңе шүкіршілік ет. Ерің үйіне нені алып келсе, мейлі киетін киім болсын, мейлі жейтін азық болсын, қанағат қыл. Еріңе разылығыңды білдіріп, қуанышпен қабыл ал. Бақытты өмір сүруінің бір жолы – өз халіңе шүкір ету. Өз халіне шүкір етпеген, өз нәпсісін тыймаған кісіде көңіл қуанышы мен жан рахаты болмайды.
2. Еріңе бойұсыну. «Орында» дегенін орындап, «істеме» дегенін істеме, яғни еріңмен қарым-қатынасыңда әдепті бол. Сөзбен ерегіспе. Сонда ғана Алла Тағала сендерге разы болып, үй ішің бақыт нұрына толады.
3. Еріңнің көзі түсетін орындарға жақсы көңіл бөл. Үй ішіңнің іші-сыртын таза ұста, сондай ұқыпты бол. Еріңнің көзіне көлденең жатқан зат көрінбесін.
4. Үсті-басыңды, бойыңды таза ұста. Ерің тек хош иісті сезетін болсын, мұрнына жаман иіс келмесін. Себебі жаман иістер еріңнің алдында абыройыңды түсіреді. Осыны жақсылап біліп ал, жақсы көрінушілік осымен болады.
5. Ішетін асын уақытында даярла. Тамақтанатын уақытын ешқашан кешіктірме. Ерің қай уақытта тамақтанып үйренсе, келсе дереу дастархан жай. Бұны біліп ал, аштық адамның ашуын тез келтіреді.
6. Ұйқы уақытын біліп ал, яғни еріңнің демалатын орнын дайындап қой. Өйткені ұйқысыздық адамды ашушаң етеді. Ашу өкпелегіштік, тудырып адамның сүйіспеншілігін өшіреді.
7. Еріңнің бауырларына, жақын туыстарына құрмет көрсет, осыны іске асырсаң, еріңнің көңілін өзіңе аударасың. Қайынжұртыңды құрмет қылу – еріңді құрметтеу.
8. Еріңнің сырын басқаларға айтпа, білген сырыңа ықтият бол. Ешкімге жария етпе. Егер сырын жасыра алмасаң, оның ашуын туғызасың. Еріңнің саған деген сенімін жоғалтасың. Отбасыңның шырқы бұзылады.
9. Еріңнің дінге, имандылыққа тура келетін бұйрықтарын орында. Ешқашан қалауынсыз бір іске барма. Егер сондай әрекет бір іс болса, саған кек сақтап, кейін өзіңе дұшпан етіп аласың. Ерің саған дұшпандық жағын алса, көп зиян шегесің, қалған амалың болмайды.
10. Еріңнің мал-мүлкіне өте сақ бол. Еріңнің мал-дүниесін абайлап, күтіп ұста. Өйткені оның малы сенікі де. Еріңнің мал-дүниесін ысырап етпеу, істің көзін табу – Алла нәсіп еткен нығметтің қадіріне жету деген.
11. Жақсылап біліп ал, ерің көңілсіз реніште болғанда, сен көңілді болудан, ал қуанғанда ренжулі болудан абай бол.
Дереккөзі: «Иманды қыз, Сүйікті жар, Аяулы ана»
Пікірлер