Қарағанды өңірі бойынша өкіл имам Өмірзақ қажы Қазкенұлының тапсырмасымен «Жыржыс қажы» мешітінің бас имамы Аманбол Рымқұлұлы «Адамды адам еткен иман» атты ауқымы кең тақырыпта кездесу ұйымдастырды. Мешітке аудандағы №1Қазақ орта мектебінің 7 сынып оқушылары мешітке шақырылды. Аудандағы бас имам А. Рымқұлы аталмыш тақырып бойынша оқушыларға асыл дініміздің құндылықтары мен ата-бабадан келе жатқан ұлттық дәстүрімізді бір-бірімен сабақтастырып тәрбиелік мәні терең уағыз-насихаттарды жүргізді. Әсіресе үлкенді құрмет тұту, кішіге ізеттілікпен қарау әрбір мұсылман баласының бойында болу керектігі жайында айтылды.
Пікірлер