Балқаш қаласының орталық мешітінің бас имамы Асылхан қажы Рахымжанұлының ұйымдастыруымен Рамазан айында тұрмыстық жағдайы төмен және мүгедек жандарға көмек көрсеткен демеушілерге арнайы дастархан жайылды. Ақ дастархан басында бас имам мешіт жанашырларына алғыс хаттар мен «Дін мен дәстүр» кітабын табыстай келе көпке үлгілі болатын қайырымдылық шараларына мешіт атынан зор алғысын білдірді. Демеушілер сауабы мол істердің мұнымен тоқтап қалмайтынын және алда басқа да мүмкіншілігі шектеулі мұқтаж жандарға көмектесетінін айтып тарасты.
Пікірлер