ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының имамдарға қойған талаптарының бірі –мешіттерді таза ұстаумен қатар мешітке келуші жамағатқа жайлылық сыйлау. Осы мақсатпен мешіттің бас имамы Аманбол қажы Рымқұлұлы «Жыржыс қажы» мешітіне жаңадан күрделі жөндеу жұмыстарын ұйымдастырды. Жыл сайынғы дәстүр бойынша мешіт қабырғалары жаңартылып, едендерге сапалы кафелдер төселді. Мешітіміздің жанашыры Ғазалиев Арыстан Мәуленұлы құрылыс жұмысына арнайы қаладан құрылысшыларды алдыртып, демеушілік жасап үлкен сауапты іс жасады. Алла Тағала әр бір ісімізге разы болсын!
Пікірлер