Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіретінің бұйрығына сай Қарағанды облысына қарасты мешіттің имамдары уағыз-насихаттар жүргізіп, жүйелі жұмыстар ретімен атқарылуда. Қарағанды облысы бойынша өкіл имам Өмірзақ қажы Қазкенұлының бекітуімен имамдар әр жұма сайын қала, аудандарды аралап «Мұсылманның қорғаны – дұғасы» тақырыбында ойлы, ғибратты уағыз-насихаттар жүргізді.
Қарағанды облыстық орталық мешітінің наиб имамы Бекболат Қосмағамбетов Бұқар жырау ауданы, Нұра станциясы, Мүсіреп ауылдық мешітіне, Қарағанды қалалық №1- мешітінің наиб имамдары, Байсенбаев Хайролла Бұқар жырау ауданы, Үміткер ауылдық мешітінде, Балқаш қалалық мешітінің бас имамы Түсіпбеков Асылхан Бұқар жырау ауданы, Қызылжар ауылдық мешітіне, Оралбай Әділбекұлы Бұқар жырау ауданына қарасты мешітке, Шахтинск қалалық «Нұр» мешінің бас имамы Хумар Қоныскерей Бұқар жырау ауданы, Тасшоқы ауылдық мешітіне барып мешітке жиналған жамағатқа аталмыш тақырып бойынша кеңінен түсіндіріп, жамағат тарапынан қойылған сауалдарға жауап берілді. Тағылымы мол уағыздар айтылған соң имамдар ата-баба әруақтарына құран бағыштады.
Пікірлер