Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Қазақстанның ұлттық төл валютасы авторларының бірі, танымал сәулетші Хайролла Ғабжалиловты қабылдады.
Бас мүфти адамзат үшін үлкен қасірет – рухани дағдарыс екенін сөз етті. «Имандылық – сарқылмас қазына, адамның екі дүние бақытының кепілі. Біз осындай рухани құндылықтарды қоғамға көбірек айта беруіміз керек», – деді Ержан қажы Малғажыұлы.
Хайролла Мағауияұлы Бас мүфти сөзін құптай келе, жастар арасында Ислам діні туралы дұрыс ақпарат беру мәселесін әңгімеледі. «Олар біздің болашағымыз. Жастардың имандылыққа ұйысуы ізгі қоғамға айналуымыздың кепілі», – деп ой қосты теңге авторы.
Айта кетейік, елімізде Хайролла Хабжалиловтың ұйытқы болуымен имандылық үйі – мешіт тұрғызылды.
www.muftyat.kz
Пікірлер