Өкіл имам Өмірзақ қажы Қазкенұлының жергілікті ақпарат насихат тобына бекіткен имамдары рухани ағарту бағытындағы іс-шараларды аймақта кеңінен атқаруда. Әрбір кездесуде маңызды деген тақырыптар назарға алынып, қоғамдағы кездесіп жатқан келеңсіз жайтардың алдын-алу турасында насихаттар жасалады. Осы орайда қалалық №1-мешітінің наиб имамы Байсенбаев Хайролла Қарағанды қалалық ІІБ-да құқық қорғау қызметкерлерімен өткен кездесуге қатысты. Наиб имам «Өз-өзіне қол салудың күнәсі» тақырыбында уағыз насихат жүргізіп, оның екі дүниедегі ауыр күнәсі мен алдын-алу жайлы әңгімелеп берді. Қатысушылар да өз тарапынан осы және өзге де сауалдарына толыққанды жауап алды.
Пікірлер