ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының тапсырмасымен әскери бөлімшелерде суицид тақырыбы төңірегінде келелі кездесу өтті. Бірінші кездесу отырысы 31775 бөлімшесінде өтсе, ары қарай 36352 бөлімшесінде жалғасты. Шараға «Бала қажы» мешітінің азаншысы Мадияр Зулжалладинұлы, әскери бөлімшенің бірінші орынбасары және христиан дінінің өкілі қатысты. Кездесу барысында Мадияр Зулжалладинұлы қасиетті дінімізде өз-өзіне қол салудың ауыр күнә екенін және мұндай қиын жағдайларға алып баратын негізгі факторларды тарқата жеткізді. Сонымен қатар бұл мәселелерден құтылудың бірден-бір жолы – имандылық екенін тілге тиек етті. Жиын соңында тыңдаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Пікірлер