Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Әрбір мешіт назарда
01 қыркүйек, 2014 жыл 68 Басып шығару нұсқасы

Әрбір мешіт назардаБұқар жырау ауданы бойынша бас имам Аманбол қажы Рымқұлұлы ауданға қарасты ауылдарды аралап, мешіттердің тыныс-тіршілігін назардан тыс қалдырған емес. Ауылдардағы мешіттерді жіті қадағалап отыратын бас имам Дубовка ауылдық мешітіне барып қайтты. Ауыл молдасы Қаппасов Орынбаймен кездесіп, мешітте жүргізілген жөндеу жұмыстарының нәтижесін тексерді. Жаңартылған заманауи пластикалық терезелердің көңіл көншітетінін айтып өтті. Мешітке жауапты О. Қаппасовқа жақын арада атқарылатын шаруаларды тапсырды. Тапсырма ішінде кезек күттірмейтіні михрабқа жаңадан аяттар жазып безендіру. Сонымен қатар бас имам: «Құлшылық үйі көз тартатын көрікті болу керек, жамағатқа жағдай жасалып, мешітке келген жандар жанына жылу табатын болсын. Мешіт тазалығына қатты көңіл бөліңіздер» - деді.






Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары