Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Теміртауда «Мектепке жол» акциясы өтті
01 қыркүйек, 2014 жыл 89 Басып шығару нұсқасы

Тамыздың 28-ші жұлдызында Теміртау қаласы, Орталық мешітінде « Мектепке жол» атты қайырымдылық акциясы өтті. Бас имамы Төлтаев Ербол Мұқанұлының ұйымдастыруымен өткен қайырымдылық шарасына мектеп оқушылары мен ата-аналар, ұстаздар қатысты. Қайырымдылық акциясына 11 балаға оқулықтар, мектепке қажетті құрал-жабдықтар салынған жаңа сөмкелер табысталды. Жаңа оқу жылына аяқ басқалы тұрған оқушыларға мешіттің наиб имамы Амантай Естай сабақтарын жақсы оқып, ұстаздар мен ата-аналарының үлгі тұтар, тәрбиелі балалары болсын деген ақ ниетін жеткізді. Іс-шара соңы балалардың риясыз көңілдері мен ата-аналардың, ұстаздардың ризашылықтарымен тарасты.


[gallery link="file" ids="9287,9288,9289"]


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары