Елімізде кеңінен атқарылып жатқан «Мектепке жол» қайырымдылық акциясының аясында өкіл имам Өмірзақ қажы Қазкенұлының бастамасымен Қарағанды өңіріне қарасты барлық мешіттерде осы шара кезегімен атқарылған болатын. Өтініш білдірген жанұялардың қажеттіліктері толықтай өтелді. Осы орайда «Зекет» қорының да қосқан үлесі мол. Сауабы мол аталмыш шараның жалғасы ретінде қордың өкілі Бабағалиев Базарбай қайырымдылықтан қалыс қалмасын деген ниетпен қала іргесіндегі аймақтардың тұрғындарына қолдау көрсетіп, үш жанұяның әртүрлі мектеп жасындағы жеті баласына көмек көрсетті. Мектеп құралдарымен қатар азық-түлік, жас балаларға арналған дәрумендерге бай тағамдар тарту етті. Олардың жанұясына арнайы барып, білім күнінің қарсаңында жас бүлдіршіндерге сәттілік тілеп батасын берді. Ыстық ықыласқа бөленген балалардың ата-аналары діни қызметкерлердің қамқорлықтарына дән риза болып шынайы алғыстарын жеткізді.
Пікірлер