Асыл дініміздің құндылықтарын түсініп, Исламға бетбұрушылардың қатары Аллаға шүкір көбейіп келеді. Таяуда Теміртау қаласының орталық мешітіне Николай есімді жігіт өз еркімен келіп, Ислам дінін қабылдады. Орыс ұлтының жігіті: «Бұл үлкен шешіміме ата-анам қарсы болмады.» - деп, ағынан жарылды. Сондай-ақ көптен бері өзі іштей дайындалып және Ислам діні жайында ізденгенін жеткізді. Орталық мешіттің наиб имамдары Амантай Естай және Төреханов Мусахан Николайға кәлиманы айтқызып, Ислам шарттарымен таныстырды. Мешіт атынан намаз кітапшасын, пайғамбарымыздың хадистер топтамасын және тақия сыйлап шығарып салды.
Пікірлер