Балқаш қалалық мешітінде қажылық сапарына арнайы өткізілген онкүндік даярлық сабақтары аяқталды. Бас имам Асылхан қажының ұйымдастыруымен сабақта қажылықтың мән-мағынасы мен қажылық сапарында атқарылатын құлшылықтар жан-жақты түсіндірілді. Қажылыққа барушы жамағатқа бас имам Алладан ақ жол тілеп, қажылықтары қабыл болсын деген ізгі ниетін білдірді.
Пікірлер