Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіретінің бұйрығына сай Қарағанды облысына қарасты мешіттің имамдары уағыз-насихаттар жүргізіп, жүйелі жұмыстар ретімен атқарылуда. Қарағанды облысы бойынша өкіл имам Өмірзақ қажы Қазкенұлының бекітуімен имамдар әр жұма сайын қала, аудандарды аралап «Иман және амал» тақырыбында ойлы, ғибратты уағыз-насихаттар жүргізді.
Қарағанды облыстық орталық мешітінің наиб имамдары Бекболат Қосмағамбетов Осакаровка кентіндегі жамағатқа жол тартса, Серік Құрманов Теміртау қалалық мешітінде арнайы орыс тілінде адамдардың имамнға келуі жайында кеңінен уағыздар жүргізді. Сонымен қатар Қарағанды қалалық №1 мешітінің бас имамы Орманбет Құнанбаев Осакаровка ауданындағы «Шұңқыркөл» ауылдық мешітіне, Қарағанды қалалық №1 мешітінің наиб имамы Думан Айыпхан «Родников» ауылындағы Байдалы би мешітіне, Балқаш қаласының орталық мешітінің бас имамы Тусіпбеков Асылхан «Молодежный» кенті мешітіне, Теміртау орталық мешітінің наиб имамы Амантай Естай Нұра аудандық орталық мешітіне, Қарқаралы аудандық Құнанбай қажы мешітінің Бас имамы Әміржан Әшімұлы Егіндібұлақ мешітіне келген дүйім жамағатқа уағыздар айтып, ата-баба әруақтарына кұран бағыштады
Пікірлер