Еліміздің бірлігін, тыныштығын сақтау үшін Аллаға шүкір уағыз-насихат жұмыстары жиі-жиі өткізіліп келеді. Осы мақсатты берік ұстанған Шахтинск жұрты Новодолинка кентінің мәдениет үйінде «Ынтымақ-бірлік» атты кездесу кешіне жиналды. Алқалы жиынға «Нұр» мешітінің азаншысы Байкешев Нұрғали исламдағы бірлік жайында уағыз-насихаттар айтып, тұрғындардың түрлі мәселедегі сауалдарына жауап берді. Сондай-ақ бұл жиынға христиан дін өкілдерінің мүшесі қатысып, ел тыныштығын сақтауда діннің үлесі зор екенін жеткізді.
[gallery link="file" columns="2" ids="9168,9169"]
Әсет Ибраев
Пікірлер