Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қажылық сабақтары басталды
21 тамыз, 2014 жыл 119 Басып шығару нұсқасы

Асыл дініміздегі бес парыздың бірі – қажылыққа бару. Алла Тағалаға жан-тәнімен құлшылық жасап, жақсы амалдарға ғибадат ету әрбір мұсылман қауымының арман-мақсаты. Ізгілікті іс жасауға бел буғандар қажылыққа аттанбай тұрып, мешіттен қажылық сапарына арналған сабақтарға қатысып, негізгі амалдармен танысады. Балхаш қаласының бас имамы Түсіпбеков Асылхан қажы Рахымжанұлының ұйымдастыруымен қажылық сапарына барушыларға арналған дәрістер басталды. Сабақта қажылық сапардың тарихы, мақсаты, онда атқарылатын құлшылықтар мен атқарылатын тиісті міндеттері айтылады. Сондай-ақ биыл қай күндері аралығында болатынын егжей-тегжей түсіндіріледі. Қыркүйек айына жоспарланған бұл жолғы қажылыққа баратын жандардың қатары Аллаға шүкір көбейіп келеді. Қажылыққа барушы жамағат, жолдарыңыз ақ болсын.


[gallery link="file" columns="2" ids="9161,9162"]


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары