Бүгін мешіт ұжымы мешіттен пана сұрап келгендерге емес, «Қарағанды қаласының тұрғылықты жері белгісіз тұлғалар үшін әлеуметтік бейімдеу орталығындағы» жандарға қайырымдылық көрсету мақсатымен барып қайтты.
ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамының уақытша міндетін атқарушы Дархан Асылтайұлының арнайы тапсырмасымен Қарағанды облысы бойынша «Жалпы және жастар ісі бөлімінің» өкілі Жақия Мерей мұндағы жандардың денсаулықтарын сұрап, мекеменің ішкі жағдайымен танысып келді. Мешіттен ала барған жаздық, қыстық киім- кешектерді әр біріне үлестіріп берді.
Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
Мөлдір Қуандыққызы
Пікірлер