Асыл дінімізде мұқтаж жандарға, жағдайы төмендерге, жетімдерге қол ұшын беру Алла Тағаланың мейріміне бөленетін үлкен сауапты істер.
Балқаш қалалық мешітінің бас имамы Түсіпбеков Асылхан қажы Рахымжанұлының ұйымдастыруымен «Мектепке жол» акциясы өткізілді.
Бас имам ата-ананың балаға деген тәрбиесі жайлы уағыз-насихаттар айтып, мектеп оқушыларына болашақта ел ардақтылары болуына тілек білдірді. Балқаш орталық мешітінің атынан 35 балаға оқу құралдары таратылды. Атап айтсақ, № 3 интернат, № 2 интернат және № 25 мектептеріне таратылды. Осы шараға әрдайым себепші болып жүрген аға- бауырларымызға, әпке- қарындастарымыздың кәсіптеріне береке, отбасыларына тыныштық, ынтымақ, ұжым бірлік нәсіп еткей. Жаратушы иеміз Алла Тағала баршамыздың ісімізге жар болсын.
Пікірлер