Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Ақ бота» орталығында акция өтті
21 тамыз, 2014 жыл 85 Басып шығару нұсқасы

«Ақ бота» даму мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерді қолдау орталығының құрылғанына көп болмаса да онда атқарылып жатқан жұмыстар Аллаға шүкір баршылық. Бұл орталықта бес жастағы баладан жиырма төрт жасқа дейінгі жасөспірімдер оқытылуда. Әр баланы үлкен жауапкершлікпен қарайтын білікті мамандар балалардың ой-санасын жетілдіруге, сезім жүйелерін дұрыс қалыптасуына, дене бітімін дамытуға барлық мүмкіндіктерді пайдаланып оқытуда. Балаларға қуаныш сыйлау мақсатында түрлі іс-шаралар да атқарылып келеді. Соның бірегейі жаңа оқу жылы қарсаңында «Мектепке жол» акциясы жыл сайын тұрақты түрде өткізілуде. Биылда бұл акция ұйымдастырылып, өкіл имамының уақытша міндетін атқарушы Дархан Асылтайұлы балалардың риясыз көңілдерін, шаттыққа бөленген жүздерін көріп қайтты. Орталық мешіт атынан ала барған жаңа сөмкелерін, дәптерлерін, қаламсаптарын тағы басқа оқуға қажетті деген құрал-жабдықтарын табыстады. Дархан Асылтайұлы он бір қыз балаға, он алты ер балаға сыйлықтарын үлестіре келе, мейрімді Алла Тағаладан әр баланың денсаулығына шипа беруін тілеп, үлкен азамат болыңдар деген ниетін жеткізді.


[gallery link="file" columns="4" ids="9117,9118,9119,9120,9121,9122,9123,9124,9125,9126,9127,9128,9129,9130,9131,9132"]


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары