Мешітіміз жағдайы төмен және көпбалалы отбасыларға барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, қайырымдылық көмектерін көрсетіп келеді. Жақында жүз балаға мектепке қажетті деген құрал-жабдықтарын сыйлап, балалардың риясыз қуанышымен бөліскен болатын. Міне, бүгінде бұл игі іс өз жалғасын тауып келеді. Қарағанды облысы бойынша Жалпы және жастар ісі бөлімінің өкілі Жақия Мерей көпбалалы отбасын қабылдады. Орталық мешіттің атынан бұл отбасының мектепке баратын үш баласына мектепке қажет жаңа дәптерлер, қаламсаптар тағы басқа құрал-жабдықтарын табыстады.
Пікірлер