Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіретінің бұйрығына сай имамдар Қарағанды облысына қарасты мешіттерді аралап, апта сайын уағыз-насихат жұмыстарын жүргізуде. Қарағанды облысы бойынша өкіл имам Өмірзақ қажы Қазкенұлы имамдарға «Тәкаппарлықтың-екі дүние кесірі» тақырыбында ғибратты уағыз-насихаттар жүргізуге бекітті.
«Бала қажы» мешітінің наиб имамдары Қайрат Серкебай Саран қалалық мешітіне, Түсіпбеков Ерлан Доскей ауылы мешітіне, Саран қаласының бас имамы Мұқаметқали қажы Нұра ауданы Кертінді ауылының «Ералы Болат» қажы атындағы мешітінде жұма намазын өткізіп қайтты. Уағыз барысында, үлкенді сыйлау, адалдық пен тазалық, қазақи дәстүр мен шариғат үйлесімі түсіндіріліп, ата-баба әруақтарына кұран бағышталып бата берілді.
Пікірлер