Балқаш қаласының тұрғыны былтырғы жылы үйлері өртке оранған болатын. Сол уақыттан бері қаржы мәселесінің жетіспеуінен үй жөндеусіз қалған. Зейнеткер апамыз қабырғасы ғана қалған үйдің жөндеу жұмыстары жүргізілмей қалғанын айтып, мешіттен көмек сұрап келді. Бүгінде бұл жағдайдың орны жақсы жаңалықпен толықты. Балқаш қалалық орталық мешітінің Бас имамы Түсіпбеков Асылхан қажы Рахымжанұлы қиын кезеңді басынан өткерген жандарға басу айтып, өртенген үйді қайта жөндеуге керекті құрылыс заттарын алып берді.
Пікірлер