Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Мектепке жол» акциясы өтті
14 тамыз, 2014 жыл 186 Басып шығару нұсқасы

Бүгін мешітімізде ерекше күн. Мектепке барушы оқушыларға оқуға қажетті құрал-жабдықтар табысталды. Жаңа оқу жылын асыға күтіп жүрген балалар жаңа заттарын көріп, қуанып мәре-сәре болды. Риясыз көңілдерінің көтерілгенін көріп бізде қуанып қалдық.
Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасымен жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында Республика деңгейінде «Мектепке жол» атты акциясы өткізіледі. Биылда Қарағанды облыстық орталық мешіті және «Зекет» қорыда бұл акциядан қалыс қалмай, тамыз айы басталғалы қызу дайындыққа кіріскен болатын. Аталмыш акцияның мақсаты – балалардың 1-қыркүйек күні жаң мектепке қажетті құрал-жабдықтарды алып баруына азда болса көмек көрсету. Бастысы балаларға мейірім мен қуаныш сыйлау.
Бұл үрдістің бастауына Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында: «Бүгінгі таңдағы ауыртпашылықтар - біздің үлесімізге тиген алғашқы сынақ емес, барлық қазақстандықтардың өркендеуі, қауіпсіздігі мен әл-аухатын жақсарту аса маңызды міндет болып қала береді. Сондықтан қазақстандықтарды аталған іс-шараларды жүзеге асыруға, еңбексүйгіштікке және қайсарлық танытуға, көмекке мұқтаж жандарға жәрдемдесуге және қамқорлық көретуге шақырамын» деп баса айтқан болатын. Жоғарыда айтылған жолдаудың аясында қайырымдылық жұмыстары өз деңгейінде жүргізіліп келеді. ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының ұйымдастыруымен бүгін де міне, мешітімізге ата-аналар мен балалар, телеарна тілшілері және мешіт ұжымы жиналды. Өкіл имамның уақытша міндетін атқарушы Дархан Асылтайұлы бүгінгі іс-шараның аясында кеңінен айта келе, жаңа оқу жылына аяқ басқалы тұрған балаларға сәт-сапар тіледі. Бүгінгі іс-шарада мешіт ұжымымен қоса «Зекет» қорының өкілі Бабағалиев Базарбай ағамызда 30 балаға арналған мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен балалардың жақсы оқуына ынталандыру үшін арнайы мақтау қағаздары берілді. Сонымен қатар 100-ге жуық балаға мешіт атынан әр біріне жаңа сөмкелер, дәптерлер, қаламдар және сан түрлі тәттілер үлестірілді.
4 баланың анасы Жанар: «Бүгінгі іс-шараны ұйымдастырған бас имам Өмірзақ Қазкенұлына және ұжымына алғыс білдіремін. Алланың нұры жаусын. Биыл бірінші рет қатыстық, дән риза екенімізді айтамын. Мұндай іс-шаралар жиі өткізіліп тұрса біз секілді көп балалы отбасыларға үлкен көмек демеу, қолдау, болар еді» деп өз қуанышымен бөлісті.
Осылайша қаламыздың тұрғындары нөсерлеп құйған жаңбырлы күнге қарамастан іс-шарамызға қатысып, разылықтарын айтып тарасты.


[gallery columns="6" link="file" ids="8949,8973,8950,8951,8952,8953,8954,8955,8956,8957,8958,8959,8960,8961,8962,8963,8964,8965,8966,8967,8968,8969,8970"]
Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөзі


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары