Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қарттарға қамқорлық көрсетілді
11 тамыз, 2014 жыл 90 Басып шығару нұсқасы

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреті имамдарға қайырымдылық шараларды жиі өткізуді тапсырған болатын. Қазақ қашанда қайырымды болуды қанағаттылық деп таныған. Бұқар жырау аудандық мешітінің бас имамы Аманбол қажы Рымқұлұлының басшылығымен іске асатын қайырымдылық шаралардың бірі қарттарға құрмет көрсету.Жылдағы дәстүрмен Ғ.Мұстафин кентінде орналасқан «Жизнь» қарттар үйіне арнайы келген бас имамды ауыл молдасы С.Алдонғаров және ауыл ақсақалдары қарсы алды. Жаны жабырқаған жандардың жанына жылу сыйлау үшін, қой сойып, ақ дастархан жайылып, мешіт имамдары уағыз айтылды. Қарттарымыз жиі-жиі келіп тұратын имамдарымызға үлкен алғысын білдіре отырып, ең жақын адамдарымыз сіздер деп ағынан жарылды. Аталар мен апалардың қуанышы дегенмен бізді қуантпады. Былтыр 29 қария болса оның 2-і мұсылман еді бірі татар, ал бірі қазақ. Биыл бұл сан 21-ге азайып, есесіне 5 мұсылман қарттарымызды көргенде көңіліміз басылып қалды.





Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары