Елімізде экстремизм мен терроризмнің бастауы болған теріс әрекеттерге жол тартып жүрген жерлестеріміздің саны азаймай тұр. Жат діндердің жетегінде кетіп, ақыр-соңы темір торға тоғытылып жатқандары қаншама. Осы сынды әрекеттер бойынша сотталған азаматтарға қатысты арнайы жиын өтті. Жиынға орталық мешітінің наиб имамы Бекболат Зулжаладдинұлы қатысып қайтты. Сонымен қатар Ұлттық қауіпсіздік ұйымы, Астана, Қостанай, Қарағанды қалаларындағы түзету мекемелерінің қызметкерлері қатысты. Жиында діни тәуелділікке түскен сотталғандарды анықтау және террористік іс-әрекеттері мен экстремистік белгілері бар басқа да қылмыстары үшін сотталғандардың жеке басын зерделеу мәселесі жайында сөз қозғалды.
Пікірлер