Бас муфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреті имамдарға қайырымдылық шараларды жиі өткізуді тапсырған болатын. Қазақ қашанда қайырымды болуды қанағаттылық деп таныған. Бұқар жырау ауданы бойынша бас имам Аманбол қажы Рымқұлұлының басшылығымен іске асатын қайырымдылық шаралардың бірі қарттарға құрмет.Жылдағы дәстүрмен Ғ.Мустафин кентінде орналасқан «Жизнь» қарттар үйіне арнайы келген бас имамды ауыл молдасы С.Алдонғаров және ауыл ақсақалдары қарсы алды.Жаны жабырқаған жандардың жанына жылу сыйлау үшін, қой сойып, ақ дастархан жайған мешіт қызметкерлері уағыз айтып,Рамазан айтымен құттықтады.Имамдарға алғысын білдірген қарттар бірінен кейін бірі ризалығын сездіріп біздерге ең жиі келетін сіздер, сіздерді көргенде жақындарымызды көргендей қуанамыз деп ағынан жарылды. Аталар мен апалардың қуанышы дегенмен бізді қуантпады.Былтыр 29 қария болса оның 2-і мұсылман еді бірі татар, ал бірі қазақ.Биыл саны азайған қариялар бәрі 21 есесіне 5-еуі мұсылмандар айтуға ауыз бармайтын ерсілікке көз көрген көрегендік болып қара шалдармен әжелеріміз толмаса екен деп тілейміз.
Пікірлер