Бұқар жырау ауданы имамы Аманбол қажы Рымқұлұлының ұйымдастыруымен аудандық мешітімізде дінімізді дәріптеп Рамазан айын қазақи дәстүрмен киіз үй тігіп, ұлттық ойындарымызды жаңғыртуға арналған игі іс-шара өтті. Жиналған жамағатқа ас беріліп, ұлттық ойындарымыз ойнатылды. Имамды қолдап сауапты іске атсалысқан ұжымдар мен мекемелер соңғы он күнді мешітте өткізіп ауызашар берді. Мешіт ұжымы бастап берген ауызашар ретімен жалғасты. Атап айтқанда Емхана, Жер бөлімі, Ауыл шаруашылық бөлімі, Су қожалығы, Аудан әкімшілігі, Кент әкімшілігі, ІІБ бөлімі, Қазақтелеком, аудан тұрғындары да мешіт жанында ұйымдастырылған киіз үйде өткізді. Мешітке келген жамағатымыз ұлық мерекемізді Алла нәсіп етсе келесі жылы да дүркіретіп тойлап өтеміз деп тарасты.
Пікірлер