Мешітімізде жыл сайын үрдіске айналған санитарлық тазарту, көркейту, көгалдандыру жұмыстары қарқынды жұмыс істеп жатыр. Жаз мезгіліндегі жауын-шашынға қарамастан көшет отырғызу, сан алуан түрлі гүлдердің ұрығын себу жұмыстары тоқтаған емес. Ерте көктемнен басталған абаттандыру шараларында гүлдер мен ағаштардың түптері, айналасы арамшөптерден тазартылып келеді. Міне, жайма шуақ жаз мезгіліндегі абттандыру жұмыстарының нәтижесінде мешітіміздің айналасы айнадай.
Пікірлер