Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіретінің тапсырмасымен «Ақпараттық насихаттық топ» әр жұма сайын өз жұмысын жемісті жүргізуде.
Қасиетті жұмада қаламыздағы мешіттердің наиб имамдары Қарағанды облысына қарасты қалалар мен аудандардағы мешіттерде жұма намазына жиналған жамағатқа «Мұсылманның сипаты» тақырыбында уағыздар айтылды. Орталық мешіттің наиб имамдары: Бекболат Қосмғамбетов Балқаш қаласындағы «Теміржолшылар» мешітіне, Дархан Асылтайұлы Теміртау қаласының Ақтау кентінде, Мерей Жақия Абай ауданындағы мешітте жұма намазына жиналған қауымға тағылымы мол уағыздар айтты. 1 мешіттің наиб имамдары: Хайрулла Бейсенбаев Шет ауданына қарасты Ақсу-Аюлы кентіндегі мешітте, Мұсағали Қыздарбеков Теміртау қалалық мешітіне жіберілсе, «Балақажы» мешітінің наиб имамдары:Нұржан Қалмағамбетов Саран мешітінде, Серкебай Қайрат Шахтинск қалалық мешітінде аталмыш тақырып бойынша уағыз-насихаттарын халыққа жеткізді.
Пікірлер