Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді
31 шілде, 2014 жыл 214 Басып шығару нұсқасы

Екі дүние сардары пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) өзінің бір хадис шəрифінде: «Кімде-кім Алла Тағала үшін құстың ұясындай болса да бір мешіт салатын болса, Алла Тағала оған пейіштен үлкен бір қасыр құрып береді» деген екен. Мешіт - Алланың жердегі үйі, имандылықтың рухани ордасы. Бүгінгі таңда иманжүзді, қолы ашық азаматтардың демеушілігімен жер-жерде көк күмбезді мешіттер бой көтеріп, ел игілігіне берілуде. Сонымен қатар тозығы жетіп, ескірген мешіттерге өз қаражат есебінен қол ұшын беріп жатқан азаматтарымыз қаншама. Сондай ізгі ниетпен «Бала қажы» мешіт дәретханасы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіліп басталған, болатын қазір жұмыс толығымен аяқталды. Дана халқымыз «жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген ғой. «Бітер істің басына, жақсы келер қасына» дегендей, осынау игі іске мұрындық болған азаматтарға айтарымыз тек алғыс. Қасиетті Рамазан айында халыққа жасаған жақсы амалдарың еселеніп, Алланың разылығына бөлендірсін дегіміз келеді.


[gallery link="file" columns="5" ids="8740,8741,8742,8743,8744"]


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары