Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қаламызда дін өкілдері қатысқан алқалы жиын өтті
30 шілде, 2014 жыл 118 Басып шығару нұсқасы

Қазір қоғамымызда экстремизм, терроризм мәселелерімен күресу тақырыбы жиі қозғалып жатыр. Сондықтан қазіргі таңда мемлекеттің саясатын, дін туралы ұғымды, дін туралы заңды түсіндіру халыққа үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу ауадай қажет болып отыр. Осыған байланысты арнайы жиынға қаламыздағы ислам, христиан және басқа да дін өкілдері, дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Қайрат Нұркенов және теолог мамандары қатысты. ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы соңғы уақытта атқарылып жатқан шараларға жеке-жеке тоқталып өтті. Сонымен қатар мұсылмандарға ғана тиесілі ораза айында өткізілген қайырымдылық шаралары, мекемелерде өткен түсіндірме кездесулердің жиі-жиі өтіп жатқаны және Қарағанды облысындағы мешіттер халықпен өзге ағымдағы діндерден сақ болу мақсатында етене жұмыс жасалып жатқандығын нақтылап айтты. Келелі кездесу барысында мешіттер мен шіркеулерден келген басшылар жат ағымдарды қолдамайтыны мен кеңге жайылып кетпеуіне жасап жатқан іс-шараларын түсіндіріп айтты. Жалпы кездесудің мақсаты, діни экстремизм, терроризмге жол бермеу. Келтірілген фактілер, мысалдар арқылы жеке тұлғаның санасына діни экстремизмнің алдын – алу бағыттарын қалыптастыру.


[gallery link="file" columns="4" ids="8694,8693,8695,8696"]


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары