Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Берген жомарт емес, алған жомарт! Айттық бізден»
30 шілде, 2014 жыл 384 Басып шығару нұсқасы

Бүгінде мешітке келіп, жағдайы төмен отбасыларға, мүгедек жандарға көмектесеміз деушілер қатары Аллаға шүкір көбейіп келеді.  ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының айтуымен Рамазан айында қаламыздағы отбасылық жағдайы төмен отбасыларды аралап қайырымылық іс-шаралары жасалды. Міне, бүгін айт мерекесінің екінші күнінде мешіт ұжымы «Берген жомарт емес, алған жомарт! Айттық бізден» деген тақырыпта қайырымдылық акциясын өткізіп қайтты. Мешіт ұжымы құр шықпады әрине. Жақында «АШК» ЖШС-нің директоры Есімхан Жаңабаев, Есеновтер отбасы және басқада азаматтар мешітімізге келіп көп балалы және отбасылық жағдайы төмен отбасыларға қайырымдылық көрсеткісі келетінін жеткізген еді. Мешітіміздің ұжымы жоғарыда аты аталған демеушілердің алып келген азық-түліктерін отбасылық жағдайы төмен және көп балалы отбасыларға үлестіру үшін әр бір шаңыраққа кіріп шықты. Арнайы тізіммен шыққан акцияға қатысушылар Қарағанды қаласы мен Қарағанды облысына қарасты Пришахтинск қаласы және «Узинка» елді-мекенінде тұратын отбасыларды аралады. Әр бір отбасы мешітімізден барған ұжымды жылы жүзбен қарсы алып, берілген сыйлықтарға ризалықтарын білдірді. Сәһл ибн Сағдадтен (р.а) жеткен хадисте:«АллаҺ елшісі (с.ғ.с): «Жұмақта жетімге қамқоршы болған адамға осыншама жақын боламын»,- деп, сұқ саусағы мен ортаңғы саусағының арасын ашып көрсетті» - делінген. Риуаятта айтылған сөзге дәлел Ирина есімді әйелдің шаңырағында өзінің 3 баласы мен қоса 15 баланы асырап алғаны. Көп баланың анасы Ирина: «Балаларды асырап, өсіріп-өндіру оңай емес. Бірақ әр баланың өзі несібесі бар. Әр бірінің көзіндегі қуанышты көріп, барлық ауыртпашылықты ұмыттырады» деп өз қуанышымен бөлісті. Сонымен қатар Ибрагимова Әсияның шаңырағында да 5 баланы асырап жатқанын көріп қайттық. Барлық отбасыға Алла сабыр, күш-қуат берсін деп қоштастық.


[gallery link="file" columns="5" ids="8647,8648,8649,8650,8651,8652,8653,8654,8655,8656,8657,8658,8659,8660,8661,8662,8663,8664,8665,8666,8667,8668,8669,8670"]


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары