Қасиетті дініміздің ең басты 2 мерекесінің бірі – Ораза айт мерекесіне. «Алла Елшісі (с.ғ.с) Мәдинаға келген кезінде, мәдиналықтардың тойлайтын екі күндері бар болатын. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бұл екі күнді не үшін атап өтетіндіктерін сұрады. Олар: «Жәһилдік (Исламнан бұрынғы) дәуірде біз бұл екі күнді көңіл көтеріп, атап өтетін едік» - деп жауап берді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оларға қарап былай деді: «Алла тағала ол екі күннің орнына сендер үшін әлдеқайда қайырлысын берді. Біріншісі Құрбан айт, екіншісі Рамазан айты». (Әбу Дәуіт, Салат 239; Ахмет бин Ханбәл III 103, 235). Қасиетті Рамазан айынан кейін келетін осы ұлық мерекені әлемдегі жалпы бүкіл мұсылмандар айрықша қуанышпен, зор ықыласпен атап өтеді. Өйткені Рамазан - береке мен бірлік, бейбітшілік, игілік, кешірім, мейірім және қайырымдылықтың айы болса, үш күн бойы аталып өтілетін Ораза айт адамдардың жан дүниесін, сана-сезімін, көңілін қуанышқа бөлейтін, кірбіңнен тазалайтын ұлық мереке болып саналады.
Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінде Ораза Айт намазын бас имам Нуров Махмұд қажы Нұрұлының Айт намазының қасиеті, сауабы, жалпы мұсылман үшін алар орнының ерекшелігіне тоқталды. Сағат 7.00 Айт намазы оқылды, артынша барша жамағат бір-біріне тілек дұғаларын айтып, құран оқылды.
Айт қабыл болсын деген барша жамағатқа «Бала қажы» мешіті бас мүфтидің «Дін мен Дәстүр жылы» деген тағылымына сай мешіт ауласында кигіз үй тігіп, айт намазына жалпы мешітке жиналған халыққа Ораза Айт дастарханынан дәм татқызылып, күрес, арқан тартыс ойындары өтті. Арада қаншама ғасыр өтсе де бұл ұлық мейрамның мән-маңызы кемімей, керісінше жыл өткен сайын артып келеді. Бұл мейрамның әдеттегілерден негізгі еркшеліктері – адамдарды бауырмалдыққа, кішіпейілділікке, кешірімділікке, сүйіспеншілікке шақырады. Мұсылмандарды құдіреті күшті Алла Тағаланың адам баласына берген нығметтеріне тәубе айтып, шүкіршілік жасауға үндейді.
Қасиетті Рамазан айынан кейін келген ұлық мереке - Ораза Айт баршамыз үшін құтты болсын!
Пікірлер