Мұсылман қауымы асыға күткен ораза айтының бірінші күні Шахтинск қалалық мешітінде жоғары дәрежеде аталып өтілді. Таңғы сағат 08:00-де жамағатпен айт намазы оқылып, мешіт асханасында 200 адамға арнайы ас беріліп, қазақ халқымыздың дін мен салт-дәстүрімізді байланыстыруға арналған іс-шара өткізілді. Ұлттық ойындарымыздан қол күрес, гір тасын көтеруден жарыс өтті. Ұлттық ойынға кәрі-жасы бірдей қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Мешітіміздің бас имамы Хумар Коникерей келген жамағатты Ораза айт мерекесімен құттықтады.
Пікірлер