Бұқар жырау аудандық мешіті мың айдан да қайырлы болған қадір түні кешінде жамағатқа пайдалы, сауапты құлшылықпен өткізуге барлық мүмкіндік жасалды. Қадір түні қарсаңында мешіт асханасында жыл сайынғы дәстүрі бойынша Сатаев Арғын бауырымыз арнайы киіз үй тіктіртіп, ораза ұстаған жамағатқа ауызашар берді. Кеш барысында мешіттің имамдары тағылымы мол уағыздар айтып, құптан және тарауық намазы оқылды. Аудан имамы Аманбол қажы Рымқұлұлы күллі мұсылман жамағатын Қадір түнімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Қадыр түніне арнайы зиялы қауымдармен қатар аудан әкімі Нұркен Сайфиддинұлы да келіп Алла Тағалаға құлшылық етіп, барша жамағатты қадір түнімен құттықтады. Таңғы сәресі 03:30-да мешіттің асханасында берілді. Қадір түнін күткен жамағат таң намазы оқып, Алла Тағала Рамазан айында ұстаған оразаларымыз бен құлшылық-ғибадаттарымызды қабыл етсін деген ниетпен тарқады.
Пікірлер